Қазақстандық әскерилер шартты лаңкестік топтың көзін жойды (ФОТО)
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сценарий бойынша «Астана» ӨңҚ бөлімдерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері дабыл белгісі бойынша көтерілді, командир шартты диверсиялық топтаманы зерделеу, іс-қимылдың толыққанды жоспарын құру, басып алу мен жоюды жүзеге асыру тапсырмасын хабарлады.
Барлық операцияны басқару арнайы құрылған жедел штабтан жүргізілді. Қарсыласты барлау және мұқият бақылағаннан кейін әскери қызметшілер қызметкерлермен бірлесіп берілген ауданда әскери техника мен жеке құрамды шоғырландырды, қылмыскерлерге шабуыл жасау және басып алуды жүзеге асырды. Нәтижесінде операция сәтті орындалды, ал оқу-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаттарына толық көлемде қол жеткізілді.
Бұл оқу-жаттығудың өзгешелігі, қалалыққа барынша жақындатылған жағдайларда өткізілді. Бұл күрделілік қосады. Шынайы жағдайларда жауынгерлер қылмыстық топтаманы жойып қана қоймай, жауынгерлік іс-қимылдардың құрбаны болуы мүмкін бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.