Қазақстандық Асылан Тоқтарбаев «Мәскеу түбіндегі күрес-12» додасында ресейлік спортшыны жеңді

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - «Мәскеу түбіндегі күрес-12» бәсекесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша қазақстандық Асылан Тоқтарбаев (61 келіге дейінгі) ресейлік Аскер Барагуновты жеңді.

Қазақстандық Асылан Тоқтарбаев «Мәскеу түбіндегі күрес-12» додасында ресейлік спортшыны жеңді

Бұл туралы Sports.kz . жазып отыр.

Еске сала кетейік, аталмыш жарыста еліміздің намысын қорғаған тағы бір спортшы Ермек Тлауов (68 келіге дейін) екінші раундта төрешілердің шешімімен ресейлік Олег Борисовқа есе жіберді.