Қазақстандық әуе компаниялары авиарейстерінің 8 айдағы көрсеткіштері
АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат. Өткен 8 айда еліміздегі әуе рейстерінің 68%-ын «Эйр Астана» және 25%-ын «SCAT» әуекомпаниясы атқарды. Бұл туралы ҚР Көлік және комуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Эйр Астана» АҚ-ы 8 айда барлығы 21033 рейс жасаған. Оның 17364 рейсі кесте бойынша, 3669 рейс кідіріспен орындалған. Ұшу жүйелілігінің деңгейі 82,6% құрады. Өткен жылы осы мерзімде 18 128 рейс, оның ішінде 14 496 рейс кесте бойынша, 3632 рейс кідіріспен орындалды, яғни ұшу жүйелілігі 79,9% құраған болатын.
«SCAT» АҚ-ы 8 айда барлығы 7 938 рейс жүзеге асырып, оның 7541 рейсін кестемен, 397 рейсті кідіріспен орындаған. Осылайша, ұшу жүйелілігі 95% құрады. Өткен жылы осы мерзімде 7 425 рейс жасап, оның ішінде 7 038 рейсті кестемен, 387 рейс кідіріспен орындаған еді. Ұшу жүйелілігі 94,8% құраған болатын.
Өңірлік әуе компаниялары бойынша «Ертіс Эйр» әуекомпаниясы» АҚ - 8 айда ұшу рейстерінің жүйелілігін 98,5%-ға орындаған. (418 рейс орындалды, кідіріс болған жоқ). Ал «Авиакомпания «Жезқазған Эйр» АҚ -дағы ұшу жүйелілігі 8 айда 97,6% (302 рейс орындалды), «Семейавиа» АҚ - 95% (784 рейс орындалды) және «Жетісу» әуекомпаниясы» АҚ - 92,8%-ға (293 рейс орындалды) орындалған.