Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогында үздік төрттікке кірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогі жалғасуда. Бұл туралы ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогында үздік төрттікке кірді

Жарыстың үшінші күнінде 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі спортшылар сынға түсті. Бұл сында Қазақстан атынан Мейрамбек Әбдіхалық өнер көрсеткен.

Турнир қорытындысы бойынша Мейрамбек төртінші орынға табан тіреді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 275 (123+152) келіні бағындырған.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында жалғыз алтын бар. Бірінші жарыс күнінде Абылай Әуелханов топ жарған болатын.