14:48, 04 Тамыз 2017 | GMT +5
Қазақстандық ауыр атлет ана атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасының чемпионы Светлана Подобедова бүгін тұңғышын дүниеге әкеліп, ана атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол бүгін, 4 тамызда, 31 жасында тұңғыш баласын дүниеге әкелді. Баланың салмағы - 3 800 грамм. Ауыр атлет ұлының есімін Руслан деп қойды.
Қазіргі уақытта Подобедова допинг дауына байланысты спорттық шаралардан шеттетілген.