Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық ауыр атлет Гүлназ Наурызова әлем чемпионатының «қоласына» қол жеткізді

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Израильдегі студенттер арасында ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында қазақстандық зілтемірші қыз Гүлназ Наурызова қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық ауыр атлет Гүлназ Наурызова әлем чемпионатының «қоласына» қол жеткізді

Гүлназ Наурызова 69 келіге дейінгі салмақта шығып, үшінші орын алды. Жұлқа көтеруден бірінші мүмкіндігінде 85 келіні көтерді, 92 келілік келесі екі мүмкіндігі сәтсіз аяқталды.

Серпе көтеруде екінші ретте 100 келілік салмақты бағындыра алған Гүлназ соңғы мүмкіндігінде 105 келілік салмақты көтере алмады. Жалпы салмақ 185 келіні құрады.

Тайбей өкілі Я Чжен Ван 222 келіні көтеріп, чемпион атанды, 218 келіні көтерген қытайлық Цай Синхуа «күміс» жүлдені еншіледі.

Ауыр атлетикадан студенттер арасында өткен әлем чемпионаты. Эйлат, Израиль. 69 келі, әйелдер.

1.Я Чжен Ван (Тайбей) - 222 келі (98 + 124)

2. Цай Синхуа (Қытай) - 218 келі (96+122)

3.Гүлназ Наурызова (Қазақстан) - 185 келі (85+100)