Қазақстандық ауыр атлет Линдер Универсиада-2017-де алтын олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай еліндегі Тайбэйде өтіп жатқан жазғы Универсиада-2017-де қазақстандық ауыр атлет Альберт Линдер алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Қоссайыс нәтижесі бойынша Альберт 333 келіні (148+185) бағындырып, Универсиада рекордын жаңартты. Күміс медальды ҚХДР өкілі Ким Мен Хок еншілесе, қола медаль жапондық Миямото Масанориға бұйырды.
Жазғы Универсиада-2017. Тайбэй (Қытай). Ауыр атлетика. Ерлер. 69 кг-ға дейін.
1. Альберт Линдер (Қазақстан) - 333 (148+185)
2. Ким Мён Хок (ҚХДР) - 331 (153+178)
3. Миямото Масанори (Жапония) - 324 (145+179).