Қазақстандық ауыр атлетші Светлана Подобедова - РФ Президенті кубогының күміс жүлдегері

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсанда Ресейдің Грозный қаласында ауыр атлетикадан Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы - халықаралық турнирі басталды.

Қазақстандық ауыр атлетші Светлана Подобедова - РФ Президенті кубогының күміс жүлдегері

Жарыста 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ресейлік Ольга Зубова қоссайыс жиынтығы бойынша жеңіске жетті. Ал күміс жүлдені қазақстандық атлетші Светлана Подобедова олжалады. Қола жүлдені қытайлық Ван Чжоую иеленді, деп хабарлайды sports.kz.

Ауыр атлетика. «РФ Президенті Кубогы». Грозный (Ресей) Әйелдер. 75 келіге дейін

1. Ольга Зубова (Ресей) - 268 (118+150) 2. Светлана Подобедова (Қазақстан) - 264 (118+146) 3. Ван Чжоую (Қытай) - 255 (115+140).