Қазақстандық ауыр атлетшілер Әлем чемпионатын сәтсіз бастады

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Осы күндері Перудің Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында Әлем чемпионаты өтуде.
None
None

Кеше 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан жарыс жолына алғашқы болып шыққан Карина Горичева үмітті ақтай алмады. Онда 222 келіні бағындырған қытайлық Юни Чен (Yinyi Shen) чемпион атанса, одан бір келі қалып қойған румыниялық Мадалина Бианса Молие - күміс, ал 204 келіні көтерген украиндық Надя Шибисова қола жүлдегер атанды.

Бүгін, 8 мамыр күні 69 келіге дейінгі спортшылар арасында ел намысын Жазира Жапарқұл қорғайтын болады. Бұл салмақ дәрежесінде 12 елдің 18 атлеті бақ сынамақ. Ал ертең 75 келі салмақта қазақстандықтардың соңғы үміткері Анастасия Швабауэр өнер көрсетеді. Онда 7 мемлекеттің 11 спортшысы өзара сайысқа түседі.

Жалпы 3-10 мамыр күндері өтетін бұл дүбірлі дода биыл қыздар арасында 19-шы, ал бозбалалар арасында 39-шы рет жалауын көтеріп отыр. Оған 52 елден ерлер арасында сегіз салмақ дәрежесі бойынша - 145, ал әйелдер арасында жеті салмақ дәрежесі бойынша - 100 атлет қатысуда. Қазақстан биылғы жарысқа үш бойжеткенді ғана қосып отыр.

Соңғы жаңалықтар