Қазақстандық автошабандоздар «Жібек жолы» халықаралық жарысында мәреге жетті

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Астраханьда халықаралық «Жібек жолы» ралли-рейді мәреге жетті, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Жол талғамайтын машиналар арасында Sonangol Schlesser Original автомобилінде француз Жан-Луи Шлессер жеңіске жетті. Ресейлік шабандоз Владимир Васильев G-Force-Proto автомобилімен екінші орынға ие болды, ол Шлессерден 16 минут 33 секунд ұтылды. Тағы бір ресейлік Евгений Фирсов Toyota Hilux-те үшінші нәтижеге жетті.

Hummer H3 Evo 6 автомобилінде Mobilex Racing Team командасы үшін жарыс жолына шыққан қазақстандық шабандоздар Қанат Шағыров пен Александр Мороз жол талғамайтын көліктер арасында 16 орынға ие болды.

Hummer H3 Evo 5 автомобилінде осы команда құрамында өнер көрсеткен екінші экипаждағы Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов жарыс жолын 23-орынмен аяқтады.

Жүк машиналары арасында ресейлік шабандоз ресейлік Дмитрий Соткников КамАЗ автомобилімен жеңімпаз атанды. Екінші орынды да осы команданың тағы бір өкілі Антон Шибалов жеңіп алды, ал үшінші болып мәре сызығын беларус шабандозы Сергей Вязович қиды.

Еске сала кетейік, ралли-рейд қатысушылары жарыс жолын Мәскеуде бастап, Тамбов-Волгоград-Элиста жолбағытымен Астраханьға табан тіреді. Жеті кезеңде өткен жарыс жолының ұзақтығы 4 мың шақырымнан асты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум