Қазақстандық «әйелдер арасындағы GGG» ең маңызды айқаста нокаутқа түсіп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (3-0-1) кәсіби мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Корпус-Кристи қаласындағы (АҚШ, Техас штаты) American Bank Center ойын-сауық кешенінде америкалық Селена Барриоспен (3-0, 1 КО) айқасты. Жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласы Аиданы нокаутқа түсіріп, жеңіске қол жеткізді.
Бұл «Леди Спартаның» мансабындағы алғашқы жеңілісі. Сатыбалдинова айқастың алдында бұл жекпе-жектің оның мансабындағы ең маңызды екенін айтқан еді.