Қазақстандық «Әйелдер арасындағы GGG» ең маңызды кездесуін өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 шілде күні «Әйелдер арасындағы GGG» атанған қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (3-0-1) осыған дейінгі спорттық мансабындағы ең маңызды кездесуін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық «Әйелдер арасындағы GGG» ең маңызды кездесуін өткізеді

«7 шілде күні NABF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Селина Барриоспен өте маңызды кездесу жоспарланған. Біздің жекпе-жегіміз бұл кештің басты кездесуі болады. Ол 8 раундқа жоспарланған және Техас штатының Корпус-Кристи қаласында өтеді.

Бұл менің спорттық мансабымдағы ең маңызды кездесу. Сол арқылы мен бокстың жаңа деңгейіне көтерілем», - деп мәлім етті қазақстандық былғары қолғап шебері.  

25 жастағы америкалық қыз Селина Барриос (3-0, 1 КО) «Ацтектер патшайымы» деген атпен де белгілі. Ол Аида тең түскен Лиза Портерді ұпай саны бойынша жеңіп кеткен болатын.