Қазақстандық «әйелдер арасындағы GGG» қарсыласын нокаутпен жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова (3-1-1, 0 КО) кәсіби рингтегі алтыншы айқасын өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық «әйелдер арасындағы GGG» қарсыласын нокаутпен жеңді

Ол Тихуанадағы (Мексика) бокс кеші аясында жергілікті боксшы Вероника Вальтиеррамен (0-1) жұдырықтасты. Жекпе-жектің екінші раундында Сатыбалдинова техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық төртінші жеңісіне қол жеткізсе, ал оның қарсыласы өз мансабында екінші рет жеңіліс тапты. 

Өзін «Леди Спарта» деп атайтын Аида шілдедегі жеңілісінен кейін бірінші рет рингке шығып тұр. Аиданы Корпус-Кристиде (Техас штаты, АҚШ) жеңіліп көрмеген америкалық Селина Барриос (5-0, 2 КО) нокаутқа түсірген болатын. 

Айта кетейік, шетелдік журналистер Сатыбалдинованы соққысының қуаты бойынша танымал отандасы - қазақстандық Геннадий Головкинге теңеп, оны «әйелдер арасындағы GGG» деп атайды.