Қазақстандық әйелдердің 50 пайызға жуығы өздерінде артық салмақ бар деп есептейді

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық әйелдердің 50 пайызға жуығы өздерінде артық салмақ бар деп есептейді.
None
None

Мұндай қорытынды әйелдерге арналған Season.kz сайтында жүргізілген сауалнамадан кейін жасалды.

Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 45,45 пайызы өздерінде артық салмақ бар деп есептейтін көрінеді және бұл «проблемаларымен» жан-жақты күресуде.

Артық салмағының бар екенін білетін, бірақ оны түсіру бойынша амалдар қолданбайтын әйелдер - 30,91 пайыз.

Өздерінің мінсіз дене бітімімен мақтана алатындар - 21,82 пайыз.

Өздерін толық деп санамайтын, бірақ жақын адамдардан бұл мәселе бойынша сын естидіндер - 1,82 пайыз.

Соңғы жаңалықтар