Қазақстандық азамат Қытайға 165 келі балды заңсыз алып өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық азамат Қытайға 165 келі балды заңсыз алып өтпек болған.

Қазақстандық азамат Қытайға 165 келі балды заңсыз алып өтпек болған

"14 желтоқсан күні кешке Мақаншы шекара отрядының «Бақты» бақылау бөлімшесінде (қазақ-қытай шекарасы) шекара наряды «Yotong» маркалы автобуспен біздің елімізден көрші мемлекетке қарай кетіп бара жатқан Дәулет есімді қазақстандық азаматты ұстады. Тексеру барысында 1992 жылы туған азаматтың ҚХР-ға өзімен бірге жалпы салмағы 465 келі болатын, әрқайсысына 12 банкіден салынған 13 қораппен табиғи бал әкетіп бара жатқандығы анықталды. Алып бара жатқан балдың 300 келіге жуығы ғана декларациядан өткізілген, ал қалған 165 келісін заңсыз алып өтпек болған екен", делінген хабарламада.

Ұсталған азаматтың ісі мен жүгін Үржар аудандық прокуратурасы арқылы осы ауданның кеден комитетіне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.