Қазақстандық азамат тауыстарды Ресейге заңсыз шығармақ болған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент тұрғыны құстарды сыйлық ретінде ұсынбақ болған.
Қазақстан азаматы Шымкенттен Красноярскке ветеринарлық құжатсыз үш тауыс апара жатқан, деп хабарлады Алтай Республикасы мен Алтай өлкесі бойынша Ресей ауыл шаруашылығын бақылау мекемесінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан тұрғыны үш құсты «Сарыағаш-Красноярск» автобусымен апара жатқан. Заң бұзушы құстарды үйлену тойына сыйлық ретінде тарту етпек болғанын түсіндірді. Кеденшілер құстарды тәркіледі, ал олардың иесіне «Ресейге енгізілетін тауарларға қойылған шектеуді сақтамағаны» үшін айыппұл салды", делінген хабарламада.