10:37, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Қазақстандық азаматша ҚХР-дан контрабандалық жолмен 45 ұялы телефонды өткізбек болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық азаматша ҚХР-дан контрабандалық жолмен 45 ұялы телефонды өткізбек болды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінен.

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы гаджеттермен бірге Қытайдан ҚР-ға өтпек болған қазақстандық 44 жастағы азаматшаны ұстады.
Түрлі 45 телефон азаматшаның қол жүгінен табылды.
Ұстау фактісі бойынша өзара іс-қимыл жасайтын органдардың қызметкерлері хабардар етілді.