Қазақстандық азаматтар отырған ұшақ Токиодан Алматыға келді

АЛМАТЫ. 15 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін таңертең Жапония астанасы Токиодан қазақстандық азаматтар мінген ұшақ Алматыға келіп қонды.

Қазақстандық азаматтар отырған ұшақ Токиодан Алматыға келді

Хабаровск арқылы келген ұшақпен жалпы саны 85 азамат жеткізілді, оның 16-сы Қырғызстан азаматтары. Олар ҚР ТЖМ-нің арнайы жіберген ұшағымен әкелінді. Келгендердің көбі студенттер мен Елшілікте істейтін азаматтардың отбасылары. Жапонияда өз еріктерімен қалып қойған әлі де біршама отандастарымыз бар.