Қазақстандық азық-түлік өнімдері дүкен сөрелерінен импортты ығыстырып шығаруда

Қазақстандағы азық-түлік тұтынуда импорттардың орнын басу үрдісі жүріп жатыр. 2016 жылы негізгі тамақ өнімдері бойынша 47 импорттық тауар түрлері 35-ке дейін қысқарған. Әсіресе қант өндірісінде импорттың орнын басу процесі шапшаң жүрді. 2015 жылы Қазақстандағы қант ресурсының 41% импортты құраса, 2016 жылы импорт 21% дейін азайды.
Ет және қосалқы ет өнімдері ресурсында да импорт үлесі айтарлықтай азайды - 2015 жылы 63%, ал 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 37% дейін төмендеген.
Азық-түлік тауарлары ресурстарында импорт үлесінің қысқаруы бір жылда 0,2-ден 36 пайызға дейін құбылған.
Азық-түлік өнімдерінің бірқатар ресурстарында импорттық өнімдердің көбеюі байқалды, бірақ импорт үлесі айтарлықтай өскен жоқ.
2016 жылы коньяк және коньяк сусындары ресурстарында импорттың ең жоғары деңгейі байқалды, импорт үлесі 10%-дан 20%-ға дейін өскен.
Сонымен бірге, сырттан келетін ірімшіктер мен сүзбелерді тұтыну көбейген. Аталған тауар ресурстарындағы импорт деңгейі өте жоғары - 46%. Атап өткен жөн, сүт тауарларын тұтынудағы импорт көлемі 17% құрайды.
2016 жылы импорттық құрылғылар мен шикізат құнының өскеніне қарамастан, Қазақстанның тағам өнеркәсібі біршама дамыды.
Жыл қорытындысы бойынша, барлық сала өндірісті шамамен 4% өсірді.