Қазақстандық балалар Канн шығармашылық байқауынан бірінші орын иеленді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық балалар Канндағы «Жас Канндық жұлдыздар» шығармашылық фестивалінде бірінші орын алды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұл байқауға Алматы, Талдықорған, Екібастұз қалаларынан аз қамтылған отбасылардан 30 дарынды бала барған. Қазір олар үйлеріне келе жатыр, өнерпаздар конкурсқа қатысқандарына, Қазақстанды үлкен сахнада паш еткендеріне өте қуанышты», - деді Reliance қоғамдық қорының директоры Сәуле Алпысова.
Канндағы конкурста «Би» номинациясы бойынша Алматыдан келген Nika бірінші орын алса, «Вокал» номинациясында Дінмұхаммед Жапанов (Екібастұз), Ариза Асқарова (Талдықорған) және Дания Әлмұхамедова (Талдықорған) жеңіспен оралды.
Жеңімпаз балалар 18 тамызда Парижде конкурс финалында Қазақстанды танытатын болады.