Қазақстандық балаларды бір жынысты отбасыларға бермеудің жолын бастапқы кезден кесу керек - ҚР СІМ

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі бала асырап алу бойынша агенттіктерді шетелдік азаматтардың құжаттарын тыңғылықты тексеруге шақырды.

Қазақстандық балаларды бір жынысты отбасыларға бермеудің жолын бастапқы кезден кесу керек - ҚР СІМ

Бұл туралы бүгін Астанада аталған мәселеге байланысты өткен дөңгелек үстелде ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ырысқали Дәуренбек айтты.

«Шетелдік азаматтардан құжат қабылдайтын барша агенттіктердің назарын келіп түскен құжатты тыңғылықты зерттеумен қатар, аталған адамдармен байланысқа шығып, сөйлесу керектігіне аударғым келеді. Атап айтқанда, бастапқы кезден қазақстандық балаларды дәстүрлі емес сексуалды бағыттағы отбасыларға бермеудің жолын кесу керек», - деп нақтылады ол.

Осы орайда ол көптеген елдерде біржынысты некелерді заңдастырған және гомосексуалды адамдарға балаларды асырап алуға рұқсат беретін заңнамалық актілер қабылданғанын еске салып өтті.