Қазақстандық балерина халықаралдық байқаудың алтын жүлдесін жеңіп алды

АЛМАТЫ. 4 наурыз. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Берлинде өткен VIII- «Би олимпі» халықаралық хореографиялық байқауында «Халық биі» аталымы бойынша Алматы қаласының А.В.Селезнев атындағы хореографиялық училищесінің екінші курс студенті Риза Кнатқызы алтын медальдың иегері атанды.

Қазақстандық балерина  халықаралдық байқаудың алтын жүлдесін жеңіп алды

Осы оқу орынының шәкірті Зарина Байкенова қола жүлдені жеңіп алған.

«Байқауға 24 елдің 1000-нан аса өкілдері қатысты. Жеңімпаздарды әлемнің ең белді театр әртістері мен балет мектептерінің жетекші қайраткерлерінен тұратын әділ қазылар алқасы анықтады. Біз екі би - қытай және қазақ ұлттық биін ұсындық. Ризаның орындауындағы қазақ биін белді байқаудың гала-концертіне таңдап алғандығы бізді қатты қуантты»,-деді Риза Кнатқызының ұстазы Әнуар Садықова.

Оның айтуынша, байқауға қатысу мүмкіндігі «ПетроҚазақстан» компаниясының арқасында мүмкін болған.