Қазақстандық балуан әйелдер арасындағы «Поланд Оупэн» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 27 маусым. ҚазАқпарат - Польшаның Рацибуж қаласында 23-24 маусым күндері әйелдер күресінен ХVI «Поланд Оупэн» халықаралық турнирі өтті.
None
None

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының хабарлауынша, онда ел намысын  3 балуан қорғаған.  Бұл додада 72 келіде өнер көрсеткен Гузель Манюрова жеңімпаз атанды. Алғашқы сында алаң қожайыны Агнешку Вицек-Кордусты (3:0, 5:0), одан кейін Әлем  чемпионатының  2 дүркін жеңімпазы болған ресейлік Екатерина Букинаны  (5:0, 3:0), ал ақтық сында белоруссиялық  Василису Мирзалюк (3:0, 3:0) айқын басымдықпен ұтты. Елена Шалыгина (67 кг) украиналық Оксана Вачуктен басым түскенімен, финалдық  белдесуде  ресейлік Ирина Богдановаға ұтылды. Ал 48 келідегі Татьяна Аманжол ширек финалда алаң қожайыны Ивоне Матквоскинге есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Соңғы жаңалықтар