11:19, 29 Қараша 2015 | GMT +5
Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Бакудегі Голден Гран-при сынында қола медаль олжалады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бакуде (Әзербайжан) еркін күрес бойынша Голден Гран-при өтті, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық спортшы Дәулет Ниязбеков қола медальға ие болды. Үшінші орын үшін күресте ол венесуэлалық Эндри Давиланы жеңді - 10:0.
Еркін күрес. Голден Гран-при. Баку (Әзербайжан),
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.
1. Гаджи Алиев (Әзербайжан)
2. Иман Садехикоуканди (Иран)
3. Александр Богомоев (Ресей)
3. Дәулет Ниязбеков (Қазақстан).