Қазақстандық балуандар Азия чемпионатынан төрт медаль олжалады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокта 2016 жылғы Азия чемпионатының төртінші күні өз мәресіне жетті. Қазақстандықтар бұл күні 4 медаль олжалады.
None
None

Қыздар арасында 58 келіге дейінгі салмақта Айым Абдильдина қырғыз қызы Айсұлу Тыныбековоға жол беріп, күмістен алқа тағынды.


Ерлер арасында Нұрлан Бекжанов та екінші сатыдан көрінді. Ол 65 келі салмақта ирандық Мейсам Насирге жол берді.


Бақдәулет Алментай есімді балуанымыз (97 кг) жапондық спортшыны жеңіп, қолаға қол жеткізді.


Ал, Жігер Закиров жарақатына байланысты белдесуден бас тартып, күмісті қанағат тұтты.

Қазіргі сәтте Қазақстан қоржынында 14 медаль бар.

Соңғы жаңалықтар