18:40, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленді
АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Үндістанның Дели қаласында 19-21 сәуір күндері грек-рим, еркін және әйелдер күрестерінен Азия чемпионаты өтті. Онда грек-рим балуандары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен командалық есепте үшінші орын алды. Әйелдер күресінен 1 алтынмен 5-ші, еркін күрестен 2 қола медальмен үздіктер қатарына іліне алмады.
Онда ел намысын 21 балуан, әрбір күрес түрі бойныша 7 салмақта қорғаған болатын. Олардың арасынан грек-рим күресінен Нұрмахан Тінәлиев (120 кг) алтын, Ерұлан Ысқақов (96 кг) күміс, Ербол Қоңыратов (66 кг) пен Мақсат Ережепов (74 кг) қола жүлдегер атанды. Ал әйелдер күресінен Татьяна Аманжолова (51 кг) алтын, еркін күрестен Расул Қалиев (55 кг) пен Дәулет Ниязбеков (60 кг) қола жүлде олжалады.