Қазақстандық балуандар жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс медаль олжалады

  АЛМАТЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Анкарада өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық балуандар 1 алтын, 1 күміс медаль олжалады,

Қазақстандық балуандар жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс медаль олжалады

        деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Тамыздың 2-сі күні жалауын көтерген бұл жарыста 50 киләға дейінгі салмақта белдескен  Артур Үмбетқалиев Әлем чемпионы атанды. Ал   Досжан Қартықов күміс жүлдеге ие болды. Артур ақтық сында кубалық Хавьер  Гонсалестен басым түсті.  Әзірбайжандық Хуршуд Бабашов пен ресейлік Эдуард Симонян  қола жүлдегер атанды.

         74 киләға дейінгі салмақтағы  кадеттер мен жастар арасындағы Азияның екі дүркін  чемпионы  Досжан Қартықов бұл жолы ақтық сайыста өзбекстандық Азизбек Мурадовқа есе жіберіп алды.  Қола жүлдені  Дамиан Яниковски (Польша) мен  Джин Хьек-Ким (Оңтүстік Корея) бөлісті. 55, 66 килә салмақта отандастармыз Мәди Жарболов пен Ринат Нығматуллинді ширек финалда әзірбайжан балуандары Орхан Ахмадов  пен Рустам Алиев  қапы қалдырды. Ал  1/8 финалда  Жанарбек Қабдолов армян, Бағлан Буданов  болгар балуанының   осал тұсын таба алмады.