Қазақстандық банк қызметкерлерін 4 күндік жұмыс аптасына көшірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 6 қазанынан «Bank RBK» АҚ қызметкерлерін 4 күндік жұмыс аптасына көшірді. Айта кетер жайт, олардың бұрынғы жалақы көлемі сақталады.
Бұл жеке несие беру, кассадағы қызмет және филиалдардағы операциялық құрылым қызметкерлеріне қатысты. Алдағы уақытта Банктің өзге құрылым қызметкерлерін де, соның ішінде бас кеңсе қызметкерлерін де осы кестеге көшіру көзделген.
Бесінші, шығармашылық күн аталған қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және психологиялық тұрғыда дем алулары үшін енгізілген.
Банк кеңселері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында орналасқан.