Қазақстандық банк өрттен көз жұмғандардың несиесін кешіріп, отбасына 3 млн теңгеден береді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысындағы орман өрті кезінде қайтыс болған жандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: пресс-служба акимата области Абай

«Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады», - делінген қаржы ұйымы таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы жағдайды бақылау мақсатында Абай облысына барды.

Айта кетейік, Абай облысындағы өрттен көз жұмған орманшылардың тізімі жарияланды.

Қазір Семей орманында 1500 адам және 300-ге жуық техника бес учаскеде өрт сөндіріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар