Қазақстандық банктердің сыртқы қарызы азайып келеді - ҚР Ұлттық банкі
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгінде қазақстандық банктердің сыртқы қарызы азайып келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен конференцияда ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлім етті.
Оның хабарлауынша, 2007 жылдың ортасынан бастап 2013 жылғы бірінші тоқсанына дейін қазақстандық банктердің жалпы сыртқы қарызы 30,2 млрд. долларға азайды. «Негізі, 2007 жылы қаржы дағдарысы басталған кезде, Қазақстандағы банк жүйесінің сыртқы қарызы жалпы ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын құрады. «Бұл Ресей, Беларусь және Украинамен салыстырғанда, ең жоғары көрсеткіш болған, яғни қазақстандық банктердің сыртқы қарызға деген тәуелділігі жоғары болды. Содан осы қарыздарды қайта құрылымдаудың арқасында ол көрсеткіш жалпы ішкі өнімге шаққанда, 6,1 пайызға дейін азайды», - деді Д.Ақышев.