Қазақстандық бапкер бокстан Пәкістан құрамасын жаттықтыратын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан бокс федерациясының (PBF) баспасөз хатшысы Насир Тунг TheNews.com.pk-ға берген сұхбатында құраманың жаңа бапкері туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық бапкер бокстан Пәкістан құрамасын жаттықтыратын болады

Пәкістанның құрамасын қазақстандық бапкердің жаттықтыратыны белгілі, алайда Федерация басшылығы нақты кандидатураны әзірге анықтамады. «Қазақстанда бокс жақсы дамыған, сондықтан осы елдің бапкерін жалдауды жоспарлап отырмыз. Олар ресми сауал жолдауды сұраған болатын. Таяу уақытта бізге ресми келісім жіберіп, маман табулары керек», - деді Тунг.

PBF баспасөз хатшысы атап өткендей, бапкердің жалақысы айына 2500 долларды құрайды, ал келісімшарт үш немесе төрт жылға жасалынады. Сондай-ақ, басылым пәкістандық боксшы Авайс Али Ханның Қазақстанда жаттығу жиынын өткізетінін жазды.