13:31, 01 Тамыз 2015 | GMT +5
Қазақстандық баскетболшы қыздар Индонезиядағы Азия чемпионатында бақ сынайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең Индонезияның Медан қаласында Азияның бойжеткендер арасында баскетболдан 4-ші чемпионаты Қазақстан мен Сингапур құрамасы арасындағы ойынмен басталады.

Біздің қыздарымыз В тобында ойнайды, онда А тобына шығу үшін қарсыластары - Өзбекстан, Сингапур, Индонезия, Малайзия және Гонконг командалары болмақ. Жарыстар 2-9 тамыз күндері аралығында өтеді, деп жазады sports.kz.
Қазақстан құрамасы ойындарының кестесі: 2 тамыз. Сингапур-Қазақстан 3 тамыз. Қазақстан-Гонконг 4 тамыз. Өзбекстан-Қазақстан 5 тамыз. Қазақстан-Малайзия 6 тамыз. Қазақстан-Индонезия
Қазақстан құрамасының құрамы: Мәдина Байбөлекова (капитан), Александра Сайтова, Анастасия Муравейник, Эвелина Борисова, Инна Куликова, Раиля Мүбаракова, Елизавета Снажина, Валерия Соколова, Карина Киселева, Анна Капралова, Ирина Евсюкова, Сәулеш Тілеубаева.