Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионатының жолдамасына таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 маусым мен 2 шілде аралығында баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына Азия аймағындағы іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі матч өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қазақстандық баскетболшылар әлем чемпионатының жолдамасына таласады

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге сүйенсек, отандастарымыз 29 маусым күні Ирак құрамасына қарсы кездесу өткізбек. Бүгінде Ирак турнирдің ең соңғы сатысында келе жатыр. Кездесу Астана уақытымен сағат 23:00-де өтеді.

2 шілде күні қазақстандық баскетболшылар Иран құрамасынан қарымта қайтаруға тырысады. Ирандықтар Астанада өткен бәсекеде 75:54 есебімен Қазақстан құрамасын жеңіп кеткен болатын.

Тегеранда өтетін кездесулер Қазақстан мен Иранға екінші раундтағы ұпайларын еселеуге мүмкіндік бермек.