Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы Филиппинде басталған Азия чемпионатының бірінші матчында Тайландты ұтты,
деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ойын басталысымен-ақ, қазақстандық баскетболшылардың қарсыластарынан басымдылығы байқалды. Сарапшылар жарыс басталғанға дейін Маттео Боничиолли командасы бұл кездесуде жақсы ойын көрсетеді деген сенімде болған еді.
Кездесудің алғашқы жартысы 42:33 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Жарыстың үшінші және төртінші бөлігінде Тайланд құрамасы есепті теңестіруге тырысқанымен нәтиже шығара алмады. Боничиолли құрамасы тізе бүкті (81:67).
Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде келесі кездесуді Бахрейнмен өткізеді.