Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатының топтық кезеңін жеңіліссіз аяқтады

АСТАНА. 4 тамыз.. ҚазАқпарат - Баскетболдан Қазақстан құрамасы Филиппинде өтіп жатқан Азия чемпионатында қатарынан үшінші жеңіске қол жеткізді, деп хабарладыVesti.kz.

Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатының топтық кезеңін жеңіліссіз аяқтады

Топтық кезеңнің қорытынды матчында қазақстандық баскетболшылар Үндістан командасын 80:67 (20:19, 23:19, 24:10, 13:19) есебімен жеңді.

Бұдан бұрын Қазақстан Таиланд құрамасын (81:67) жеңіп, Бахрейнді овертаймда (79:76) ұтқан болатын.