Қазақстандық баскетболшылар Малайзиядағы Азия чемпионатында 9-шы орынға ие болды

АЛМАТЫ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Малайзияның  Джохор-Бахру қаласында  16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтар   бүгін Үндістан құрамасынан басым түсті, 
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

9-10-ыншы орындар үшін бұл ойында   Борис Борисовтың шәкірттері  қарсыластарын 59:49 есебімен ұтты. Үндістан құрамасы іріктеу кезеңінде Иордания (57:31) мен  Қытайдан (121:47) ұтылып, Сауд Арабиясындағы құрдастарынан ғана 55:41 есебімен басым түсті. Сондай-ақ ширек финалда  Сингапур (65:51) мен  Бахрейн  (58:40) спортшыларын ұтқанмен,  тайландтықтарға (55:52) есе жіберіп алды. Ал қазақстандықтар іріктеу кезеңінде Бахреинді (63:54) ұтқанмен, Филипин (76:50) мен Жапониядан (78:66)  ұтылды. Ширек финалда  Малайзия (75:59) мен Сауд Арабиясынан (64:38) басым түскенмен  Куәйттен  келген спортшыларға (66:63) жол беріп қойды. Сол себепті жүлделі орындарға таласу мүмкіндігіне айрылған қос команда  9-10-ыншы орындарды ғана сарапқа салды.  Бүгінгі ақтық финалда  11-12 орын үшін өткен сайыста малайзиялықтар Бахреин құрамасын (83:73), ал  7-8 орын үшін болған кездесуде сириялықтар Иордания құрамасын    (87:51)   ұтты. Енді   Тайпей мен Жапония үздік бестіктің қатарына кіру үшін, Филиппин мен Иран 3-4-інші орын, ал Қытай мен Корея Азия чемпионы атағы үшін бақ сынасатын болады.

Соңғы жаңалықтар