10:32, 26 Қараша 2009 | GMT +5
Қазақстандық баскетболшылар үздік ондықтың қатарына кіру үшін Үндістан құрамасымен сайысқа түседі -Азия чемпионаты
АЛМАТЫ. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Малайзияның Джохор-Бахру қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтар ертең 9-10-шы орындар үшін Үндістан құрамасымен кездеседі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы бұл бәсекеде Борис Борисовтың шәкірттері іріктеу кезеңінде «В» тобында 3-ші орын алды. Ал ширек финалда 4-ші топта куәйттіктерге есе жіберіп, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігін қолдан шығарып алды. Енді олар ертең 9-10-шы орын үшін Үндістан құрамасымен сайысқа түсетін болады.