Қазақстандық баскетболшылар жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде сегізінші орынды иеленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстандық баскетболшылар Катарда жасөспірімдер арасында өткен Азия біріншілігінде сегізінші орынды иеленді. Отандастарымыз жетінші орын үшін болған матчын Малайзия құрама командасымен өткізді, - хабарлайды sports.kz сайты.
None
None

Алағашқы екі кезеңде жеңіске жеткен қазақстандықтар, «жеңіс қолда» - деп ойлады ма, үшінші кезеңде босаңдық танытып, қарсыластарға есе жіберіп алды. Ал төртінші кезеңде ойсырай жеңілді. Қорытынды есеп 74:86 (24:20, 20:14, 15:22, 15.30).

Нәтижесінде Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы сегізінші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар