ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Ахмедияр Хұсайынов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов 1924 жылы мамырдың 8-інде Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылында өмірге келіп, 1986 жылы мамырдың 5-і күні Орал қаласында қайтыс болған. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Ұлты - қазақ.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Ахмедияр Хұсайынов

1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан.

Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жер жастандырған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943).

Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949-72 жылдары халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Орда атындағы мектепке Хұсайыновтың есімі берілген. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.