ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Әлікбай Қосаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлікбай (Әлмембай) Қосаев 1905 жылы Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келіп, 1941 жылы қарашаның 16-ы күні Мәскеу облысы, Волоколам ауданы, Дубосеково темір жолы айырмасында ерлікпен қаза тапты.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Әлікбай Қосаев

2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер. 1934 жылы Қосаев Алматыда құрылыста жұмыс істеді. 1938 жылы Қазақ зоотехника-малдәрігерлік институтының хирургиялық клиникасында санитар болып жұмыс істеді. 1941 жылы 18 шілдеде Қосаев әскер қатарына шақырылып, Алматыда құрылған 316- атқыштар дивизиясында болды. Ол Дубосеково темір жолы айырмасында болған панфиловшылар тобының аңызға айналған шайқасына катысушы. Күші басым жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапты. Осы шайқаста корсеткен ерлігі үшін Қосаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Дереккөз: Википедия