ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Иван Павлов
1940 жылы И.Павлов Магнитогорск индустриалдық техникумына оқуға түсіп, жергілікті аэроклубына қатысып жүрген. Кейін Чкалов әскери-авиациялық училищесін бітіріп, 1942 жылы майданға барады. Ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, авиаэскадрильяның командирі, штурмандар авиаполкінің штурманы болды. Калинин, Орталық, 1-Прибалтика майдандарында 200-ден аса әуе шабуылына қатысып, жеке өзі жаудың 3 ұшағын атып түсірді.
Полк командиры біздің батырымыз туралы былай деп жазыпты: «Никакие противодействия зенитной артиллерии и истребительной авиации противника не мешают советскому ассу пробиться к цели и разгромить её. В этом ему помогают искусство и мастерство тактических маневров, внезапность атак и умелое руководство группой в бою».
Майдангер жауынгерлік міндетін атқару үстінде қазаға ұшырады. 2 рет Ленин, 2 мәрте Қызыл Ту, Александр Невский, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. 1945 жылы 23 ақпанда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумы коммунист И.Ф.Павловты екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапаттады. Соғыстан кейін И.Ф.Павлов М.В.Фрунзе атындағы әскери әуе академиясына жіберіліп, 1949 жылы аяқтайды.
1950 жылы 12 қазанда И.Ф.Павлов қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болады. Отан өзінің қанатты қыранын ешқашан ұмытпақ емес. Қостанай тыңындағы астық кеңшары, қаланың бір көшесі ержүрек батыр есімімен аталады. Дәл осы қаланың орталық алаңына И. Ф. Павловтың қола мүсіні орнатылған.
Мемориалдық тақтада келесі жазба бар: УКАЗ: Президиума Верховного Совета СССР о награждении Героя Советского Союза гвардии капитана Павлова И. Ф. второй медалью Золотая Звезда За образцовое выполнение боевых заданий Командования и геройские подвиги на фронте борьбы с немецкими захватчиками, доющее право на получение звания Героя Советского Союза. Наградить Героя Советского союза гвардии капитана ПАВЛОВА ИВАНА ФОМИЧА второй медалью«Золотая Звезда». И в озноменование его геройских подвигов соорудить бронзовый бюст и установить его на постаменте на Родине награжденного. Председатель Президиума Верховного Совета СССР: М. Калинин Секретарь Президиума Верховного Совета СССР: А. Горкин Москва, Кремль, 23 февраль 1945 г.
Дереккөз: Қостанай қаласы әкімдігінің ресми порталы ; Қазақстан, Ұлттық энциклопедиясы, 7-том.