ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Қанаш Қамзин
1931-1934 жылдар аралығында ол Павлодар қаласының қазақ-коммуна мектебінде оқыған, одан әрі оқуын Алматы қаласында жалғастырды. 1938 жылы жұмысшылар факультетін тәмамдап, 1941 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын бітірді. 1941 жылдың шілдесінде Алматы қалалық военкоматы арқылы қызыл Армия қатарына шақырылды. Онда Сталинград жаяу әскерлер училищесінің жедел курсын аяқтады.
1943 жылдан бастап, қан майданда болды.1944 жылдың жазына қарай лейтенант Қамзин 52-ші атқыштар дивизиясының 429-шы атқыштар полкіне басшылық етті. Молдавияны жаудан босатуда және Днестр өзенінің маңында өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1944 жылдың 13 сәуірінің түнінде лейтенант Қамзин ротамен бірге бірінші болып, Днестр өзенін Бычок ауылы маңында жаудан босатты (Молдавияның Григориополь ауданы).Плацдармды басып алып, рота қарсыластың мықты бекінген қорғанысын бұзып өтеді. 1944 жылдың 14 сәуірінде ротаны шабуылға көтеріп, өзі Гура-Выкулай ауылының шетінде қаза табады. Молдавияның Новоаненск ауданы Гура-Выкулай ауылында жерленген.
«1944 жылдың сәуірдің 12-сінен 13-іне қараған түні жаудың күшті артиллериялық және миномет-пулеметтік шабуылына қарамастан, бірінші эшелонда өзі соғысқа белсене араласып, Днестр өзенінің маңындағы Молдавия КСР-ының Тирасполь ауданындағы Вичен ауылында жаудан Молдавияны босатуда ерекше ерлік танытты. Өзенді босатқаннан кейін ротаны айқасқа өзі бастап апарып, өзеннің оң жағалауындағы плацдармды басып алып, жауынгерлерге ерлік пен батылдықтың үлгісі болды. Оң жағалауды фашистердің басып алғанына қарамастан (екі траншея, доттар, дзоттар мен басқа да бекіністер) ол өзінің ротасымен траншеяның бірінші және екінші сызықтарын басып өтіп, Гура-Высулай ауылының оңтүстігіне кіреді. Өзінің ротасымен Қамзин батырлық танытып, Гура-Выкулай ауылының 65 метрлік биіктігін басып алып, немістерді қуып шықты және 20 офицерін жойды. Осы биіктікте пулеметтерін орнатып, Қамзин Гура-Выкулай ауылының батыс жағынан 1-ші және 2-ші роталарға Гура-Выкулай ауылының оңтүстік-шығыс жағына кіруге жол ашады. Бірінші болып оң жағалауға өтіп, биіктікті басып алып, негізгі күштер келіп жеткенше оны ұстап тұрғаны үшін, плацдармды кеңейткені үшін және 20 унтер-офицерді жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағына лайық», - делінген 429-шы атқыштар полкінің командирі Азатьян ұсынған марпапаттау қағазында.
1944 жылдың жылдың 13 қыркүйегінде жарық көрген КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен берілген тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлығы мен ержүректілігі үшін Қанаш Қамзинге қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталған.
Ақсу ауданында өзінің туған ауылына Қанаш Қамзин аты берілді.Сонымен қатар Павлодар қаласындағы балабақша , Ақсу мен Павлодар қаласындағы көше, туған ауылындағы орта мектеп батыр атамыздың атымен аталған. Мектептің қасбетінде мемориалды тақта, мектеп маңында ескерткіші орнатылып, Павлодарда, батырлар алаңында барельефі бар стела Қанаш Қамзиннің ерлігінің айқын айғағы болып тұр. Ертісте «Қанаш Қамзин» атты жүк теплоходы жүзген. Оның есімі Молдавияның астанасы Кишинев қаласындағы Жеңіс аркасында мәңгіге қашалып жазылған.