08:12, 04 Тамыз 2021 | GMT +6
Қазақстандық байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық спортшы Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Токиода байдарка мен каноэде есуден жарыстар жалғасып жатыр.
Әйелдер арасында байдаркада есуден 500 м қашыққа Қазақстан сапынан Наталья Сергеева қатысты. Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша ол тиісті қашықты 2:01.374 уақытта бағындырып, жетінші орын иеленді. Мұндай көрсеткіш отандасымыздың ширек финалда сынға түсуіне мүмкіндік береді.
Фото: Сәли Сабыров, Қазақстан ҰОК