Қазақстандық байқаушылар: Мемлекеттік Думаға сайлау жоғары деңгейде өтті

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - РФ Мемлекеттік думасына сайлаудың қалай өткендігін қазақстандық журналистерге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ТМД Парламентаралық ассамблеясы байқаушылары миссиясының өкілі Бақтықожа Ізмұхамбетов айтып берді.

Қазақстандық байқаушылар: Мемлекеттік Думаға сайлау жоғары деңгейде өтті

«Бүгін бірқатар сайлау учаскесінде болдық. Сайлау үдерісі жоғары деңгейде ұйымдастырылған және халықаралық құқық нормаларына сай өтіп жатыр. Заңбұзушылықтар тіркелмеді. Сайлаушылардың көңіл-күйлері жақсы», - деп атап өтті 18 қыркүйек күні Б.Ізмұхамбетов.

Еске сала кетейік, кеше РФ Мемлекеттік Думасына аралас жүйе бойынша сайлау өтті. Оған 14 партия қатысты. Партиялық тізім бойынша 225 депутат және бір мандаттық округтер бойынша осыншама депутат сайланады.