Қазақстандық белгілі модельер мұсылман киімдерінің жаңа топтамасын шығарды

Желі негізінен жоғары сапалы матадан тігілген, өрнектермен әрленіп, Swarovski тастарымен және стразалармен көмкерілген бұйымдардан тұрады. Жиынтық авторы Құралай Нұрқаділованің айтуынша, ұсынылған киім-кешектер аса ерекше салтанатты жағдайларға арналған, олардың бағасы 20 мен 150 мың теңге арасында тұрады.
«Соңғы кездері Қазақстанда мұсылман киімдеріне деген сұраныс көбейді. Қыз-келіншектер, ата-бабаларымыздың дәстүріне сай болмаса да, қатаң мұсылман заңдылықтарына сәйкес киінгенді жөн санауда. Мен, дизайнер ретінде, нәзік жанды әйел затына мұсылман киімдерінің араб әлемі елдерінде қалыпқа айналған бірбеткей үлгісінен бөлек, өзіндік нұсқасын ұсынғым келді», - дейді Қ.Нұрқаділова.
Дизайнердің айтуына қарағанда, «Kuralai-Muslim» желісі қатаң мұсылман заңдылықтары мен қазақ ұлттық киімдерінің қанық түстерін қоса біріктіреді.