23:52, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Қазақстандық Берік Әбдірахманов АРВ сайысында екінші ұрысында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 60 келіге дейін салмақ санатында АРВ ұрыстарының екінші туры өтті. Басты жекпе-жекте бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының нөмірі бірінші спортшысы Берік Әбдірахманов осы салмақта Азия ойындары-2014 финалисі, филиппиндік Чарли Суарезбен сайысқа түсті.

«Біздің отандасымыз матчты салқынқанды және сенімді қимылдап, жақсы өткізді, қарсыласына әлсін-әлі соққы берді. Қорытындысында қазақстандық төрешілердің жалпы шешімімен 3:0 (58:56, 59:55, 58:56) есебімен жеңіске жетті», - деп хабарлады Қазақстанның бокс федерациясы».
Про-боксингіде екі рет жеңіске жетіп, Берік Әбдірахманов финалдық жекпе-жекке тағы бір қадам жасады, оған қатысу Риодағы Олимпиадада өнер көрсетуге құқық береді.
Басқа ұрыстардың нәтижелері:
Дэвид Джойс (Ирландия) - Доменико Валентино (Италия) - 3:0 (60:54, 60:54, 59:54).
Дмитрий Полянский (Ресей) - Артур Бриль (Германия) - 3:0 (60:54, 60:54, 60:54).
Хуршид Тожибаев (Өзбекстан) - Робсон Консесайо (Бразилия) - 2:1 (58:56, 58:56, 56:58).