Қазақстандық бес суретшінің туындысы Лондонда бәссаудаға шығарылмақ
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстандық бес суретшінің туындысы наурыз айында Лондондағы Sotheby's бәссауда үйінің көрмесіне қойылмақ.
Қазақстандық суретшілердің еңбектері бұл бәссаудаға тұңғыш рет шығады, деп хабарлайды «Азаттық».
Әлемдегі ең көне аукцион үйлерінің бірі Sotheby's 2013 жылы наурыздың 4-і мен 12-і күндері аралығында Лондонда Орталық Азия мен Кавказ елдерінің қазіргі өнер туындыларының «At The Crossroads» («Жолайрықта») деп аталатын көрме-сатылымын өткізеді.
Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан суретшілерінің 50-ге жуық картинасы қойылатын көрмені ұйымдастырушылардың хабарлауынша, бұл аймақтың бейнелеу өнері тұңғыш рет кең ауқымда таныстырылмақ.