Қазақстандық биатлоншылар Әлем кубогының төртінші кезеңінде өнер көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ертең, 9 қаңтарда, Оберхофта (Германия) биатлоннан Әлем кубогының төртінші кезеңі басталады. Жарыс жолына бірінші болып қыздар шығады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

Олар 7,5 километрлік спринт жарысына шығады. Келесі күні ерлер арасындағы бәсеке дәл осындай бағдарлама түрінде өтеді (спринт, 10 км).

Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы мынадай:

Әйелдер құрамасы: Галина Вишневская, Елизавета Бельченко, Анастасия Кондратьева, Людмила Ахатова.

Ерлер құрамасы: Роман Ерёмин, Владислав Витенко, Антон Пантов, Максим Браун.

Жарыс 12 қаңтарда аяқталады.




Соңғы жаңалықтар