Қазақстандық бильярдшылар Еуропа чемпионатына қатысады

Оны Бүкіләлемдік бильярд спорты конфедерациясы аясында Пирамида бойынша Халықаралық және Еуропалық комитеттер мен Ресей бильярд федерациясы ұйымдастырып отыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 27 мың долларды құрайды. Оған халықаралық дәрежедегі төреші Александр Кокунин бастаған қазылар алқасы төрелік жасамақ.
Байрақты бәсекеде квота бойынша Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина елдері ер спортшылардан - 5, әйелдерден - 3, Молдова, Әзірбайжан, Армения, Литва, Латвия, Эстония, Финляндия ерлерден - 4, әйелдерден -2 спортшыны жібере алады.
Бұдан бөлек, алыс шет елдерден ер спортшылардан - 20, әйелдерден -10 бильярдшы қатысады. Оған жарыс қожайыны ретінде ресейліктер ерлер мен әйелдер арасында қосымша бір-бір спортшы қоса алады. Онда бозбалалар мен бойжеткендер арасындағы 2011 жылғы Әлем чемпионатының, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының финалистері, Әлем кубогы рейтингінде ерлерден - 32, әйелдерден -16 үздіктің арасына енгендер, 2012 жылғы Татарстан Президенті, Кемеров облысы губернаторы, 2011 жылғы Ульянов облысы губернаторы, «Кремль кубогы», Минин мен Пожарск кубогы турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері өзара күш сынаспақ.