Қазақстандық біртектілік азаматтық қағидаттарға сәйкес дамитын болады - Е.Тоғжанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының ұсынған «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші институционалды даму реформасының басты мақсаты - қоғамдық келісім.
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.

Оның сөзі бойынша, қазіргі уақытта ел алдындағы мақсаттардың бірі - азаматтық сана-сезімді қалыптастыру. Ол негізгі төрт бағыт бойынша дамымақ.

«Біріншіден, қазақстандық біртектілік азаматтық қағидаттар негізінде дамитын болады. Екіншіден, жалпы азаматтық құндылықтардың өзегі «Мәңгілік ел» болуы керек. Жаңа азаматтық біртектіліктің басымдығы - тарихи жетістіктердің айналасында бірігу. Үшіншіден, үштұғырлы тіл біз үшін өте маңызды. Төртіншіден, барлық жұмыстар «Мәңгілік ел» жаңа формациядағы буынды қалыптастыруға бағытталады», - дейді ол.

"Елбасының ұсынған «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші институционалды даму реформасының басты мақсаты - қоғамдық келісім. Мұның алдында мемлекетімізде біртектілігін дамыту тұжырымдамасы да қабылданған болатын. Ол 1996 жылы Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінде бекітілген еді. Ең басты көздегені, мемлекеттік құрылымды нығайту болатын. Конституция қабылданғаннан соң 1995 жылы ең басты мүдделердің бірі - Қазақстанды әлемге мойындату. Барлық дамуымыздың, экономикалық болсын, әлеуметтік салада болсын, негізгі қағидаты - халық бірлігі болғанын айта кету керек. Бүгінде ол мақсат орындалды - халықтың 95 пайызы біз тәуелсіз Қазақстанның азаматтарымыз деп санайды. Енді оны осы төрт бағытта жаңаша тұрғыда реформалауымыз шарт», - деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Соңғы жаңалықтар